28.11.2022
  1680


Автор: Сүндет Сейітов

*****


Жылама деді ол, мен жүрсем,

Сұрама деді: кесел, мұң.

Көңіл бос шақта, сен білсең,

Мойны бос кетті-ау шешемнің…




Мойны бос кетті-ау, кебінге,

Оралып, маған білдірмей.

Ол тірі деген сенімде,

Тоқтадым басым идірмей.




Мойны бос кетті-ау, әжемнің,

Мойны бос кетті-ау, атамның,

Мойны бос кетті-ау, анамның,

Бәленің бәрі меніңше,

Мойнына түскен жүктен-дүр…




Көңіл бос шақта өткенді,

Еске алдым, доғар, жеткен-ді.

Есіме түсір сұр күзді,

Есіме түсір көктемді!




Атасына мына нәлеттің,

Қайғыны сұлу жар еттім.

Доғаршы, доғар, мінеки,

Табалдырыққа шеге сап,

Жер анама тал ектім.




Аман-сау жүріп кешіңде,

Дұға жасайын бесінде.

Есіме түсірмесең де,

Анамның жоғын ұмыттым,

Анам болғаны есімде…





Пікір жазу