27.11.2022
83
Қазақ мініс атын сатқанда немесе ағайын-туысына сыйға бергенде ноқтасы мен жүгенін алып қалады. Себебі малдың құты, бағы басында деп жорылады. Басына пайдаланған, басын байлаған ноқта мен жүгенде құттың да демі бар. Бұл мүліктер атпен қоса берілсе— үйдің бүкіл байлығы, бағы еріп кетеді деп ырымдалады. Сондықтан алып қалған ноқта мен жүгенді үйдің оң жақ босағасына іліп қойып, үнемі майлап, баптап ұстайды.