27.11.2022
100
Қазақ біреуге қатты ашуланған адамға «тісіңді қайра», «ерніңді тістеме», «жұдырығыңды түй» дейді. Өйтпесе кек ішінде кетеді деп ойлайды. Кек ішінде кеткен адам дертке шалдығып, ем табылмай өмірден өтеді, түсі жылымайды, жүрегі жібімейді, кекшіл болып, көпшіл болмайды. Тісін қайраса, жұдырығын түйсе—ашуы сыртқа шығып, көңілі жадырайды деп жориды.