27.11.2022
81
Қазақ баласы бастау басына, бұлақтың қасына дәретке отырмайды. Барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы да сол бұлақ, сол бастау деп біледі. Сондықтан бұлай істегенде оның киесі атады, қарғысы тиеді. Тазаны арамдасаң—арың кірленеді, абыройың төгіледі деп ырымдалады.