27.11.2022
  96


Автор: Қазақ ырымдары

Күн күркіреп, нөсер жауып, найзағай жарқылдаса— үйдің іргесі отпен аласталады. Адамдар «бисмилла, бисмилла» деп, тәуба қып, иман келтіреді. Қазақ ұғымында найзағай—Алланың жын-сайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні—Құдай тағала даладағы жын-сайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен қорқытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса, үйге жасын түсуі ықтимал. Адамдардың сол пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды.





Пікір жазу