27.11.2022
120
Ораторларға арналға ТОП 3 лайфхак
1. Дауыс тембрі. Адамдардың көпшілігіне нәзік, жайлы, жағымды, қоңыр дауыстар ұнайды. Сол себепті дауыс қоятын мамандармен жұмыс істеген дұрыс. Өйткені адам өзінің дауысын мың құбылта алады. Тіпті өзіңіз таңдануыңыз мүмкін. Бойды тік ұстау, ішпен тыныстап сөйлеу – мұның барлығы сіздің дауысыңыздың жағымды етеді.
2.Дауыс интонациясы. Дауысын құбылтып, әр сөзіне екпінді дұрыс түсіре алатын адамды өзгелер ұйып тыңдайды.
3. Тыныштық. Сіз әңгіме арасында тоқтап, бірер секунд тыныштық сақтағаннан кейін ары қарай жалғастырыңыз. Үнсіздік кейде айқайлап айтқан сөзден де пайдалы болуы мүмкін. Осылай сөйлесеңіз, тыңдаушыларыңызды ұйыта аласыз.