22.11.2022
  472


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Мен өлермін

Мен кетермін бір күні бәрін тастап, 


Мен өлермін өмірдің соңын қоштап, 


Таба алмадым бұның мәнін қанша жылда 


Кетермін мен қанша жыл жыласаңда, 


Мені ұмытар ақ қайың сырымды айтқан, 


Туған жерім ұмытар құшақ жайған, 


Есіп өткен самал жел сыбырласын


Мен өлсемде әліде атымды айтқан. 


Айналаңа қарашы, Жаңа заман! 


Жаңа заман, жаңа ғасыр, жаңа адам. 


Мен жоқ ғасыр мен кеткен, өлген заман


Танымайды ешқайссы... 


Себебі мен,


Қара жердің астына кірген заман, 


Бір уыс топыраққа көмген заман. 


Мән жәй ғана адаммын құндыз емес


Мәңгілікке өмір сүрмейм кетер-кетпес,


Қан қаптаған қызыл көз қара қалам 


Өлең жазбай отырған жәй бір адам, 


Бәрі жалған арада өтсе жылдар, 


Мен өлермін ендігі қайғырмаңдар... 


 





Пікір жазу