18.11.2022
  130


Автор: Нұртан Төлепбергенұлы

Тапир

Терісі жұқа, тап-тақыр,
Бір аң бар, ол – тапир
Мүйізтұмсыққа ұқсайды,
Маң басып келе жатыр.
Қамысты көл мекені,
Жортуылдап кетеді,
Шошқаға ұқсап ол кейде
Саз батпақты кешеді.





Пікір жазу