18.11.2022
  326


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылың құтты боп!

Жаңа жылың құтты боп,
Басыңа бақ орнасын!
Көңіл күйің күшті боп,
Таба берсін жалғасын!
Денсаулығың мықты боп,
Жаның жаурап тоңбасын!
Жаңа жылда күн жаңа,
Нұрын шашсын лайым!
Айтылатын жыр жаңа,
Күлімдесін күн, айың!
Қалыптасар сыр жаңа,
Болшы аман, жоқ уайым!
Жарқырасын қыр, дала,
Шуақ шашып күн дәйім!
Қиындықты, мұңды ала,
Жар болсыншы Құдайым!
Жаңа жылдың тәттісі,
Көп болсын деп тілеймін!
Жаңа күннің жақсысы,
Көп болсын деп үндеймін!
Аман болып отбасы,
Жадырасын жаныңыз!
Жаратқаным жар болып,
Жана берсін бағыңыз!
Нұрлы болып, шуақты,
Ата берсін таңыңыз!
Гүл көктемдей құлпырып,
Кіре берсін сәніңіз!
Ағайын, туыс бәрі де,
Аман болсын барымыз!
Жылдан жылға лайым,
Жетейікші бәріміз!
Жібек Искакова





Пікір жазу