17.11.2022
482
Өмір иірімі
Бұл өмірдің әрқилы, иірімі,
Уайымға әйтеуір, үйір мұңы.
Жұдырыққа жерініп налымасаң,
Сыбағаңды сап берер мейірімі.
Заңын білер, жаны бар кеудесінде,
Қапа етсең, қарамас көнбесіңе.
Сүйген сайын, бұл өмір, сыйын берер,
Бұйра еткен өз жолын жөндесуге!
Жүргенменен жүздерің, жайнап жаның,
Әр ортаның көресің ойнақтарын.
Тайдырмақшы болғандар бағытыңды,
Білмейді-ау, өмірдің ойнатқанын?!
Жаныңды жеп, жалғандар жымыңдайды,
Қосылып ап, қырсықтар қырындайды.
Қанша шыр-пыр болсаң да, шындық іздеп,
Бір құлатпай әділет бұрылмайды!
Алысқанмен алысып, жұлысқанмен,
Өзге бәрі сынықтан, жұғысқанмен.
Мәңгі мекен, ап кетер, тек амалды,
Өмір өткел, парамен ұғысқанмен.