17.11.2022
206
Күркіресе күн дағы
Күркіресе күн дағы,
Жаңбыр жауар артынан.
Түнеріп тұрса түн дағы,
Құнт қашады жалпыдан.
Жабыдан шықпас қазан ат,
Жаманнан шықпас азамат.
Ел байлығын тонаған,
Билік болса жаман ақ.
Іштен шыққан жау жаман,
Шешілмесе дау жаман.
Елдің қамын ойламай,
Қарын қамын ойлаған,
Бәріненде хан жаман.
Сөз ұқпасқа сөз айтпа,
Сергелдеңге түсерсің.
Байыбына бармай сөз қатсаң,
Өкініш уын ішерсің.
Ерме болған жаманды,
Басқара біл санаңды.
Бас шұлғи берме айтқанға,
Орға жығар адамды.
Қырық пішіп, бір кессең,
Нәтиже берер тер төксең.
Асығыс шешім алмағын,
Соны орарсың не ексең.