15.11.2022
320
Шырша тұрсын егіліп
Ауласында әр үйдің,
Шырша тұрсын егіліп.
Жап-жасыл боп тұратын,
Бұтақтары көрініп.
Шыршалар бар жасалған,
Қолдан әрлеп, сәндейтін.
Сондай шырша алайық,
Көңіл сәнін тербейтін.
Жаңа жылдың сәні бұл,
Көңілге күй беретін.
Суретке бір түсейік,
Естелік боп енетін.