15.11.2022
  113


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылдық ақшақар әп-әдемі

Жаңа жылға ерекше сән беретін,
Жаңа жылдық ақшақар әп-әдемі.
Ақшақарға қарасақ көз тояр ма,
Аппақ болып жаралған бар әлемі.

Қандай жақсы, керемет болар еді,
Ақшақардай жанымыз аппақ болса.
Тыныш болып күніміз, түніміз бен,
Ақшақардай таңымыз арпақ болса.

Аяз ата немересі қасындағы,
Ақшақардың бейнесі аппақ қардай.
Жаңа жылға дем берер ерекше етіп,
Жаңа күнде жарқырап атар таңдай.
Жібек Искакова





Пікір жазу