15.11.2022
151
Жаңа жылым жиырма үш
Жаңа жылым жиырма үш,
Қоян ашты есігін.
Аппақ қоян қарайды,
Қарға жазып есімін.
Сұр қояным жымыңдап,
Өзін батыл сезінер.
Жаңа жылдың ерекше,
Кейіпкері менмін дер.
Ор қояндар ойнақтап,
Жаңа жылда бой түзер.
Бір жас қосқан баланың,
Кезі келді ой түзер.
Ақ қояндай сұлулар,
Жаңа жылда түрленер.
Сұр қояндай батырлар,
Таңғажайып түпге енер.
Ор қояндай ойнақтап,
Балапандар жайнайды.
Қоян жылым үн қатып,
Жақсылығын арнайды.
Жібек Искакова