15.11.2022
  172


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылым есік ашты

Жаңа жылым есік ашты қараңыз,
Жаңа күнге қадам басып барамыз.
Жыл да жаңа, ай да жаңа, күнім де,
Байқасаңыз өзіміз де жаңамыз.

Жаңа жылда түрленеді бар аймақ,
Түрленеді ауыл, қала жай-жайлап.
Салиқалы салмақты бұл жаңа жыл,
Келді міне от шашумен гүл жайнап.

Бақыт пенен ынтымағым бірігіп,
Бірлікте бар, сыйластығым кірігіп.
Жаңа жылдың қақ төріне жайғасты,
Жаңа жылдың жақсылары жиылып.
Жібек Искакова





Пікір жазу