15.11.2022
  1513


Автор: Жаңа жыл

Қоян жылы кеп жетті, құтты болсын

Қоян жылы кеп жетті құтты болсын,
Әрбір үйге шаттығын сыйлап лайым.
Қазақ елі тыныш боп, бейбіт болсын,
Жар боп әркез біздерге бір Құдайым.

Қоян жылдың әр күні қуандырсын,
Қысы жылы, аппақ қар мамығымен.
Ал көктемде айнала нұрға толсын,
Гүлдей болып құлпырар заңдығымен.

Жаз бен күзі қоянның күшті болсын,
Сыйластық пен ынтымақ тербеп елді.
Қоян жылдың табысы көптеп болсын,
Құнарлы етіп Жаратқан егін жерді.







Пікір жазу