15.11.2022
  691


Автор: Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа жыл, қоян жылы

Құтты болсын жаңа жыл, қоян жылы,
Есік ашып төрімізге жайғасатын.
Бар жақсылық орнасын биылғы жыл,
Қуанышы шарықтап айды асатын.

Қоян жылы жылдамдық орын алсын,
Жалқаулардың өздері ісін жасар.
Жаңа жылдың сезінсін қуанышын,
Сыйластық пен ынтымақ есік ашар.

Бұл жаңа жыл ерекше күй сыйласын,
Адамдарды тербелеп ән-жырымен.
Бақ-береке, несібе ортаймасын,
Сәттілікте жалғасқан әр күнімен.





Пікір жазу