15.11.2022
  299


Автор: Жаңа жыл

Құтты болсын қоян жыл есік ашты

Он екі жыл айналып келген қайта,
Құтты болсын қоян жыл есік ашты.
Аппақ ұлпа қарлары жанды тербеп,
Саулық болсын қазағым керек басты.

Саулық болса шаттана би билейміз,
Жаңа жылдың сезініп бар жақсысын.
Қоян жылы сүйкімді күйге еніп,
Сезінеміз күндердің ең тәттісін.

Қоян жылы жақсылық орнай берсін,
Қора малға, үйіміз жанға толып.
Қуаныштар жалғасын таба берсін,
Әрбір жанның басына бақыт қонып.





Пікір жазу