14.11.2022
  265


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылыңызбен көке (көкеме)

Құттықтаймын мен сізді,
Жаңа жылмен кеп жеткен.
Көке аман жүріңіз,
Күн көп болып нұрлы еткен.

Немерелер, шөбере,
Ортасында жүріңіз.
Бала болып, балаша,
Оларменен күліңіз.

Бақ сыйласын жаңа жыл,
Әрбір күнді нұрлы етіп.
Әніменен тербесін,
Өлеңдетіп, жырлы етіп.





Пікір жазу