14.11.2022
  761


Автор: Жаңа жыл

Апа жаңа жылыңмен (апама)

Құтты болсын апа жаңа жылың бұл,
Жаңа жылың жаңаша бақ сыйласын.
Ұл-қызыңыз аман боп, бала-шаға,
Немерелер өкпелеп бұртимасын.

Саулығыңыз мықты боп апа сіздің,
Жаңа жылды көріңіз әр жыл сайын.
Жаңа күннен апа сіз бақ табыңыз,
Амандықта боп апа сіз әрдайым.

Көңіліңіз түспесін ешқашанда,
Ортамызда жайнаңыз гүлдей болып.
Әр күн сайын қасымызда сіз жүріңіз,
Жылу берер жарқырап күндей болып.





Пікір жазу