14.11.2022
  330


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылыңызбен әжетайым (әжеме)

Құтты болсын жаңа жыл,
Әжетайым, асылым.
Немересін, шөбере,
Ойлайтұғын жасырын.

Жаңа жылда шаттана,
Ән салыңыз әжетай.
Жаңа күннен күн сайын,
Бақ табыңыз әжетай.

Аман болып отбасы,
Шаттығыңыз көбейсін.
Шөберелер көбейіп,
Керегеңіз кеңейсін.





Пікір жазу