14.11.2022
355
Жаңа жылыңмен қарындасым (қарындасыма)
Құтты болсын жаңа жылың қарындасым,
Әр жыл сайын келетін бақыт сыйлап.
Жаңа жылдан жете бер жаңа жылға,
Бар әлемнің ғажабын жаным жинап.
Көңіліңде болмасын кірбің ешбір,
Ән менен жыр тербелеп бұл жаныңды.
Жаңа күнің бақыт пен шаттық беріп,
Қуанышпен атқызғын ақ таңыңды.
Мықты болсын саулығың қарындасым,
Жаңа жылдың сезініп жаңалығын.
Жаңадан жетістікке жете бергін,
Қарындасым бақ сыйлап жаңа күнің.
жаңа жыл жаңа жылға тілек жаңа жыл құтты болсын жаңа жылға құттықтау қарындасыма тілек қарындасқа тілек қарындасыма жаңа жылға тілек