14.11.2022
  441


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылыңмен сіңілім (сіңіліме)

Құтты болсын жаңа жыл жан сіңілім,
Жайнай берсін қашанда өмір гүлің.
Қуана түс шаттана әр күн сайын,
Шығып жаным сіңілім жарқын үнің.

Жаңа жылдың сезініп қуанышын,
Құлпыра түс жан сіңілім сен әрдайым.
Жаңа жылда жете бер мол табысқа,
Жар боп саған қашанда бір Құдайым.

Жаңа жылың жетелеп жақсылыққа,
Жаңа күнің сыйласын шаттығын тек.
Жан сіңілім, бауырым ортамызда,
Жүрші өзің аман боп сен күлімдеп.





Пікір жазу