14.11.2022
  476


Автор: Жаңа жыл

Құтты болсын жан қызым жаңа жылың (қызыма)

Құтты болсын жан қызым жаңа жылың,
Күн нұрымен тербелеп жаңа күнің.
Қызғалтақтай құлпырып өсе берші,
Болмай жаным, жарығым ешбір мұңың.

Жаңа жылың тербелеп шаттығымен,
Қуанышын сыйласын жаным қызым.
Бақыт, шаттық тілеймін бір өзіңе,
Жарқын болсын деп қызым, жарық жүзің.

Жаңа жылдан жаңа жылға жетші лайым,
Жаным қызым жақсылық болсын дәйім.
Жаңа күнің сәттісін саған сыйлап,
Аман болшы жан қызым сен әрдайым...





Пікір жазу