14.11.2022
  6639


Автор: Жаңа жыл

Құтты болсын кеп жеткен жаңа жылың (ұлыма)

Қуанышым, шаттығым жаным балам,
Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен.
Жаңа күнің қуанышын берсін саған,
Күнің көп боп жан балам күлімдеткен.

Өсе берші жан балам аман болып,
Жаңа жылдың сезініп бар жақсысын.
Бала шағың шаттықа толы болып,
Болашағың арнасын бар тәттісін.

Денің сау боп жан балам өсе берші,
Жаңа жылда жақсылық толы болып.
Жаңа күнің қызығын сыйлай берсін,
Қадамыңның әр басқан, оңы болып.





Пікір жазу