14.11.2022
  272


Автор: Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа жыл (қызыма)

Құтты болсын жаңа жыл жаным қызым,
Жаңа жылың сыйласын қуанышын.
Балдай тәтті қылығың баурап алар,
Жаным қызым өзіңсің жұбанышым.

Жаңа күнмен жарқырап күлімдей түс,
Бала шағың жетелеп жақсылыққа.
Аман болып өсе бер жар боп Алла,
Болашағың жетелеп басшылыққа.

Қуанышын арнасын бұл жаңа жыл,
Арман, тілек, мақсатың орындалып.
Жаратқаным өзіңді қолдап әркез,
Бар жақсысын сыйласын, қабыл алып.





Пікір жазу