14.11.2022
  971


Автор: Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа жыл (ұлыма)

Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен,
Көп боп күнің жан балам күлімдеткен.
Жаңа жылда шаттығың еселеніп,
Тербелесін күндерің бақытты еткен.

Жаңа күнің сезінгін бар бақытын,
Өміріңде жайма шуақ шаттық орнап.
Бала күнің бақытқа толы болсын,
Жақсы күнін жан балам саған жалғап.

Орындалсын лайым бала арманың,
Жаратқаным жар болып жанып бағың.
Жаным балам өмірің нұрға толсын,
Сәтті болып әрдайым атып таңың.





Пікір жазу