14.11.2022
  790


Автор: Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа жыл (досыма)

Құтты болсын жаңа жыл оу достарым,
Ашық болып лайым көк аспаның.
Жаңа жылда жақсылық орнай берсін,
Тағы жасқа ұлғайып бұл жастарың.

Үйлеріңде береке арта берсін,
Жаңа күнге үміт пен сенім ерсін.
Жаратқаным жар болып беу достарым,
Бақыт, шаттық үйіңе бірге келсін.

Мұңаймасын лайым достар жаның,
Тамыр жайып тереңге гүлді бағың.
Аман болшы достарым, денің сау боп,
Қуанышта, шаттықта атып таңың.





Пікір жазу