14.11.2022
  438


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылыңмен құрбым (құрбыма)

Құтты болсын жаңа жылың жан құрбым,
Құттықтайды шын жүректен жан құрбың.
Жаңа жылда жаңаша сәт орналып,
Таусылмасын шырқап айтар ән-жырың.

Жаңа жылда жаңа табыс болсын тек,
Денсаулығың мықты болып құрбыжан.
Отбасың мен жақындарың аман боп,
Нұрын төксін, бар жылуын атар таң.

Асыл құрбым басыңнан бақ таймасын,
Көңіл-күйің көтеріліп жайнасын.
Сыйластық пен осы ортамыз жоғалмай,
Жаратқаным бар жақсысын сайласын.





Пікір жазу