14.11.2022
  251


Автор: Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа жыл (досыма)

Құтты болсын жаңа жыл досым менің,
Тоқтамасын лайым көшің сенің.
Жаңа жылда жаңаша табысқа жет,
Қуанышпен тербелеп дархан елің.

Жаңа жылың жақсысын сыйласын тек.
Бар әлемнің шаттығын жинасын тек.
Өмір жасың ұзақ боп, жасай берші,
Әр жыл сайын жаңа жылда сен күлімдеп.

Аман болсын отбасың, жақындарың,
Қуанышта, шаттықта атып таңың.
Досым деймін өзіңе бақыт тілеп,
Жаратқаным жар болып жансын бағың.





Пікір жазу