Одағымның тұтастығын сақтайық!
Жүруші едік Одағым деп шырқатып,
О, Одағым ауыр болды-ау сырқатың.
Он бес мүшең он бес жаққа шашылып,
Бір мүшеңнен мен отырмын тіл қатып.
Жетеме екен шырылдаған бұл хатым,
Сауығарма қаптап кірген сырқатың.
Сенің дертің менің дертім Одағым,
Жүрегімде көк мүз болып тұр қатып.
Қалар едім тұтас тұрған түлғаңды,
Өнер қалды, жазылмаған жыр қалды.
Тұтастығың бұзылғасын Одағым,
Жүрегімнен қуанышым ұрланды.
Тез сауықшы әлдилеген бесігім!
Ағат кетсем, О, Одағым кешірім?
Қасіреттен таратылған тұлғаңның,
Өлеңіммен жамайын бар тесігін.
Қайырларма маңдайыңнан тайған бақ,
Халқың жүрді емін-еркін сайраңдап.
Қайда барса қоржындарын толтырып,
Жолаушылар оралатын жайраңдап.
Арымызды дүниеге сатпайық,
Араздасып байлық бөліп жатпайық.
Жанды-жақты ақыл қосып ағайын.
Одағымның тұтастығын сақтайық.