12.11.2022
488
Ағалар аман болындар
(Ихсангалиев Есімболат ағаның 75
жас меретойына арналады)
Тағдырлар талай тоғысқан,
Қанқұйлы тажал соғыстан.
Аман-сау елге оралып,
Қажыған елге болысқан.
Ағатайларым ардақты,
Берілсем ойға жан-жақты.
Ұрпақтарыңның алдында
Мәртебелерің салмақты.
Із аз ба сіздер салмаған,
Батысты жаяу шарлаған.
Соғыстың ардагерлері,
Сіздерден мықты бар ма жан?
Болса да орта қалтамыз,
Мәз-майрам болып баршамыз.
Тойларды тойға жалғасақ,
Ағалар, сіздің арқаңыз.
Отанға бедел әперіп,
Өмірге ұрпақ әкеліп.
Адам қып бәрін өсірдің,
Міндетін өтеп әкелік.
Өсірген ұрпақ бал-құрақ,
Уақыттың бұраң жолында.
Іздері жатқан жарқырап,
Ағалар, аман болыңдар.
Көрмейік қайғы жүзіңнен,
Сарғайған мына күзіңнен.
Ұрпақтарыңның үйінде
Жалғассын тойлар үзілмей.