12.11.2022
  97


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Құныққандар құдайларын ұмытты

Алыпсатар жан-жақтан кеп ағылды,
Қымбаттатып бөліп жеді наныңды.
Өзін де алдап, өзгені де алдайтын,
Алаяқтар «Ақсайдан» да табылды.
Арзан алып, қымбат сатып құнықты,
Құныққандар құдайларын ұмытты.
Өзбек деген ағайынның өнері,
Менің момын қазағыма жұғыпты.
Ал біреулер жасап-жасап күнәні,
Таспих ұстап төрде малдас құрады.
«О, құдайым, кеше гөр» - деп күнәмді,
Құран ұстап кешірім де сұрады.
Аңғал едің, аппақ еді жүрегің,
Халқым, қайда сапар шектің үдеріп?
Рухани жұрдайлықтың ауылы,
Есіктерін айқара ашты, білемін.
Надандықтың тосып алмай дауылын,
Есің кетпей, есіңді жый, бауырым.
Жас-кәріні қисық жолға салмасын,
«Мейірімсіздік» деп аталған жауызың.





Пікір жазу