12.11.2022
  130


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Молшылыққа газмұнай жол ашады

Газ-мұнайдың жылжыған ізін қара,
Қызыл, жасыл, сары-ала біздің қала.
Құрылысшылар қаланы салып жатқан,
Менің, оның және де сіздің бала.
Қызыл, жасыл, сары ала киім киіп,
Қыска кию тұрса да қыйын тиіп.
Қызыл жалын иіскеп газшылар жүр,
Қыйыр-шиыр темірден түйін түйіп.
Маған, саған, және де басқаға аян,
Таңнан кетіп оралған, қас қарая.
Үлкен борыш мойынға болары хақ,
Газшылардан алғысты жатсақ аяп.
Сан қатердің жүрсе де ортасында,
Газ иісі тұнса да қолқасында.
Қиындықтан қорқатын газшылар жоқ,
Ел байыды солардың арқасында.
Молшылыққа газ-мұнай жол ашады,
Зор деп білем «Ақсайдың» болашағы.
Бұл қаладан ұясын көру арман,
Бұлбұл құстың анасы томашаның.





Пікір жазу