12.11.2022
  763


Автор: Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен (әкеме тілек)

Асыл әкем, ардақты жаным әкем,
Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен.
Бар жақсыны тілеймін өзіңізге,
Көп болсын деп күндерің күлімдеткен.

Жаңа жылда жаңалық орын алсын,
Қуанышты, бақытты күн сыйлайтын.
Аман болсын отбасы, ошақ қасы,
Жан тербер ғажайып үн сыйлайтын.

Әр күн сайын жаныңа шаттық сыйлап,
Атсын әке нұр шашып әрбір таңың.
Жаңа жылда жаңаша бақыт сыйлап,
Жайнай берсін тамырлап гүлді бағың...






Пікір жазу