12.11.2022
146
Роза Рымбаеваға
Бүлбұлсың ба көгімде қалықтаган,
Қайғы-мұңды бойына дарытпаған.
Қазақстан елінің дарындарын,
Әніменен әлемге анықтаған.
Сахнаның төрінде ойнақтаған,
Жарқ-жұрқ еткен сәуле деп ойлап қалам.
Шырқата бер әніңді Розажан,
Тереңіне сазыңның бойлап барам.