12.11.2022
108
Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен
Қайсар мінез қазағым жүрегі кең,
Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен.
Жаңа жылда жетіңіздер қуанышқа,
Күндеріңіз көп болып бақытты еткен.
Көңіліңіз жайланып бақыт тапсын,
Бар қуаныш шаттықтың отын жақсын.
Жаратқаным жар болып лайым әркез,
Жаңа күнде нұрлана таңы атсын!
Жаңа жылдың сезейік қуанышын,
Жаңашылдық дәурені орнап сәнді.
Көңіліміз көтеріңкі күйде болып,
Болсыншы тек, қашанда өмір мәнді.