12.11.2022
184
Келді жаңа жылымыз
Келді жаңа жылымыз құтты болсын,
Жаңа күнін Жаратқан беретін күн.
Жаңа жылда табысқа жетіңіздер,
Әуелете шырқалып ән менен жыр.
Жаңа жылым сыйласын қуанышын,
Қазағымды жаңаша таң қалдыра.
Жаңа жылдан кұтейік бар жақсыны,
Бар бақытын сыйлайтын тамсандыра.
Әр жанұя, отбасы қуансын тек,
Жаратқаным баршаға жар боп лайым.
Жаңа күнім жаңаша бақыт сыйлап,
Шаттығына бөлесін әр күн сайын.