12.11.2022
  111


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Төрлет наурыз, жаңа жыл ғасыр басы

Төрлет Наурыз,
Жаңа жыл ғасыр басы,
Қыдыр Ата бізге бұр атың басын.
Ақтаңдақты көп көрген «Қазақ» деген,
Қайсар елдің мерейін асыр-ғасыр!
Бір ғасырдың алғашқы көктемісің,
Көктем кірмек тек қана көктеу үшін.
Ескі менен жаңаның өткелісің,
Төрле жаңа ғасырға беттеу үшін.
Жаңа жылдан алдымен қалағаным,
Ар-намыстың басталды аламаны.
Жоғалтқанын халқымның қайтара кір,
Көтере кір рухын санадағы.
Болашақтан жақсылық аңсап тұрмыз,
Анамыздың тілінен ақсап түрмыз.
Шайнап беріп жүтқызып өзгелерге,
Жалпақ шешей болудан шаршап түрмыз.
Азайта кір Жаңа жыл мыңның мүңын,
Шашу етіп шашайын қырдың гүлін.
Ширата кір тініміз, ділімізді,
Кешіре көр түсінсең жырдың дымын.
Қақсай бермек ақындай қасқалдағың,
Аттап тұрсың ғасырдың баспалдағын.
Ырыздықты жердегі бұйырта кір,
Жұлдыз сұрап тұрғам жоқ аспандағы.
Төрлет Наурыз кұшағым айқара ашық,
Тілегімнің тізейін қай саласын.
Қүлқынына тасырдың қанағат бер,
Тұтастығын достықтың шайқамасын.





Пікір жазу