12.11.2022
  135


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Туған жерден айналам

(Әні бар)



Туған елім жайнаған,
Жайлауы кең айдала.
Саған деген Махаббат,
Ешқашанда таймаған,
Туған жерден айналам,
Ақ бесігің тербеткен.
Сенде туып ержеткем,
Туған жерім болмасаң.
Келермедім келмеспе ем,
Туған жерден айналам.


Алтын ұям аттанған,
Көкірегімде жатталған.
Сан жылдарғы сағыныш,
Қиялымда қатталған,
Туған жерден айналам.
Айналайын «Жосалым»,
Арналады осы әнім.
Қайда жүрсем өзіңнен,
Хабар-ошар тосамын,
Туған жерден айналам.
Жайлауың бар қияқты,
Асты шалқар сияқты.
Отырғызбай бір шыбық,
Болып журмін ұятты.
Туған жерден айналам,
Адам болып қала алсам.
Туған жердің көркімін,
Айтқаныма шана алсаң,
Ауылдастар - төркінім,
Жүргеніммен шеткері.
Білім алған мектебім,
Ұстаздардың жүздері.
Көз алдымнан кетпеді,
Туған жерден айналам.





Пікір жазу