12.11.2022
  94


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Қайран еліім

Өзіңді қимай көштім, қайран елім,
Қай кезде елге келіп сайрар едім.
Нарықтың пысы басып кеттіме екен,
Шабытым, көңіл-хошым қайда менің.
Қалайша қабағымды жаза аламын,
Ел азды-ау осы менің жан азабым.
Жүрекке ұялаған көңіл кірін,
Өлеңмен жуып-шайып тазаладым.
Халқыңа сан миллион берешегің,
Ауданым қандай болар келешегің,
Өткізген ғұмырымды қайран елім,
Жаныма неткен ыстық елес едің.
Қайтейін қарынымның тоқтығын-ай,
Елімде биік еді-ау шоқтығым-ай.
Тілегім амандығың, қайран елім,
Тұтатқан өнерімді оттығым-ай.





Пікір жазу