12.11.2022
176
Көзімнің ағы мен қарашығы
Телміріп жолдарыңа көп қарадым,
Біреуі кеп қалар деп көп баланың.
Көзімнің ағы, бірі қарашығы,
Аналық жүрегімде жоқ қарағым.
Жан-жаққа өсіп-өніп тарадыңдар,
Тұрсыңдар қиялымда, жанарымда.
Орыны жүрегіңде жүрсе болды,
Өсірген ата менен анаңды да.
Ойымның көк жиегін шектемедім,
Қызықтау-қиялыңмен жекпе-жегің.
Арқауы көңілімнің көп босайды.
Алпыстың қырқасына беттегелі.