12.11.2022
  140


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Елу жылғы шаңырақтың тұтқасы

(арнау)



Сіз, біз десіп араласып сыр алған,
Тату көрші болып келдік біраздан.
Нұрым аға, Ұмсын апа өлеңді,
Шын жүректен сізге арнап шығарғам.
Талай рет алған сыйлық бағалы,
Көкірегі ояу көрші ағаны.
Ең бірінші паровозшы қазақты,
Білгің келсе мұражайдан қарағын.
Жапырағын жайып тұрған бәйтерек,
Аға жайлы жазу үшін ай керек.
Жетпіс бес жыл жасап тұрған ағаға,
Жетпістегі бәйбшесі сай келеді.
Тату-тәтті ғұмыр кешкен жұптасып,
Елу жылғы шаңырақтың тұтқасын.
Тілегімді шын жүректен айтылған,
Бір Алла мен періштелер құптасын.





Пікір жазу