12.11.2022
  92


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Мария Құдағайға

Мәрия қудағайдың сексен жасқа толуына


Кеуделерін тік ұстап,
Бірін-бірі ұғысқан.
Жұбайларды көремін,
Келе жатқан жұмыстан.
Құдағайға, құдаға,
Сексен жасты бермейсің.
Тұла бойы ұлағат,
Десем бәрің сенгейсің.
Жаны жайсаң жандардан,
Үлгі-өнеге аласың.
Әрбір түнде, таңдарда,
Немереге қарасын.
Құдалардың үлгісі,
Ұл-қызына тараған.
Жақсы болса бір кісі,
Өнегесі анадан.
Сізді көріп-білгелі,
Дастарханда біргеміз,
Алыс тұрсақ кезінде,
Жақындады іргеміз.
Жақсылардың болғаны,
Өзгелерге өнеге.
Өнегенің озғанын,
Қабылдайды немере.
Жас келгенмен жаны жас,
Жамандыққа қаны қас.
Сіздей ана көп жасар,
Рухани арымас.
Жақсылардың жаманга,
Шарапаты тиеді.
Жаны жайсаң адамға,
Әркім басын иеді.





Пікір жазу