12.11.2022
  119


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Сәния Құдағайға

Саналы мына гұмырда,
Өсірдің талай ұл-қызды.
Қондырып бәрін тұғырға,
Сағатың соқты жұлдызды.


Еңбекқор болды ұл-қызың,
Шетінен алған мамандық.
Бәрі де алды құрбының,
Таңдаған жолы адамдық.
Немерең Әмір жанымның,
Нағашы жұрты мен едім.
Түсінген бала ағымды,
Ізденіп, өсіп келеді.
Әселің болып ақылды,
Абыройыңды асырды.
Жеңімпазы атанды,
Жиырма бірінші ғасырдың.
Өткізіп жылдар, айларды,
Көңілің біраз жайланды.
Жапырақ жайып құлпырған,
Саялы баққа айналдың.
Басыңнан өтті кісілік,
Ене де бақтың кішіріп.
Күйеуге талай ене бол,
Келіндер талай түсіріп.
Аллаға ісің жаққасын,
Жетпістен міне астыңыз.
Сексеннің ашып қақпасын,
Табалдырығын бастыңыз.
Жетпіске сексен жалғасып,
Уайымсыз ғұмыр сүріңіз.
Шалқысын бақыт арнасы,
Ауырмай аман жүріңіз.





Пікір жазу