Кім болдың сен?
Бір бітірген мектепті құрбыларым,
Өздеріңді сағынып жүрмін әлі.
«Отыз жылдық кездесу болады» - деген,
Сөзді шалып қалғаны бір кұлағым.
Қайдасыңцар, құрбылар қайдасыңдар?
Халдер қалай, қандай күй-жайдасыңдар.
Елге лайық азамат болдыңдар ма?
Кім болдың сен замана айнасында.
Кім болдың сен, болдың ба, қызыл түлкі,
Пайдакүнем, жарамсақ жұртқа күлкі.
Жүрсің бе сен еңбекте ер атанып,
Орден тағып кеудеге дүркін-дүркін.
Елу деген жақын жүр күз белесі,
Он сегізде жас қызды іздемеші.
Отыз жылда кездессек класстастар,'
Өтінерім, сен деші, сіз демеші.
Кеткенсің бе жасарып байғұс деші,
Мына тұрған жаным-ау қай қыз деші.
Кетіпсің деп өзгеріп айтпашы тек,
Бір-біріңе «ай бала, ай қыз» деші.
Не тындырытт өмірде жүрсің деші,
Жастық шақты еске алып күрсінбеші.
Кетіпсің деп қартайып, айтпашы тек,
Әлі күнге құлпырып жүрсің деші.
Әжімдерді беттегі санамашы,
Бір-біріңе сын көзбен қарамашы.
Отыз жылда кездескен құрбыларым,
Отырыңдар қыз-жігіт араласып.
Есейген боп бір күнге сызданбашы,
Бір-біріңнен біріңді қызғанбашы.
Қайда жүрдің отыз жыл не бітірдің,
Айтшы қүрбым сырынды бұлданбашы.
Қара шашты кетсе егер қүрау шалып,
Кетті ме деп көңілді қылау шалып.
Бір-біріңді кіналап отырмашы,
Отыз жылға отыр тек сүрау салып.
Кетсе менің ағарып қара шашым,
Отыз жылмен сен қалай таласасың.
Заманыма қоятын бір кінәм жоқ,
Заманның мен өткіздім тамашасын.
Еріндерді бір күнге бояйықшы,
Үлкендікті сызданған қояйықшы.
Отыз жылда қүрбылар кездескенде,
Адал ізгі ниетке тояйықшы.
Қастарыңды бір күнге сызыңдаршы,
Ішпесең де ішімдік қызыңдаршы.
Отыз жасты жасыңнан алып тастап,
Жап-жас болып бәріңде тұрыңдаршы.
Ескертіп қой жігіттер зайыбыңа,
Түсінер ол әзілдің байыбына.
Жігіттерін қызғанса қүрбысынан,
Бетімізден он сүйсін айыбына.