12.11.2022
  92


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Бақытымның қоңырауын Соғындаршы

Жиырма жыл орта мектеп аталғалы,
Көбейіп ұстаздардың қатарлары.
Толысқан шәкірттер мен үстаздардың,
Қайырлы қадам болсын сапарлары!
Мекендеп «Аралтөбе» түбектерін,
Ұшырдың талай оның түлектерін.
Ұстатып қолдарына аттесттатын,
Тулатып қуаныштан жүректерін.
Ағарды кейбіріңнің шаштарыңыз,
Бұл күнде талай ұстаз мақтанымыз.
Қазірде өздеріңдей ұстаз болды,
Сіздерден білім алған жастарыңыз.
Таңдады әр мамандық салаларын,


Өздерің білім берген балаларың.


Қай жақта, қандай маман болсадағы,
Оятқан ұстаздар ғой саналарын.
Аталып Октябрьдің 50 жылы,
Жиырма жыл орта мектеп ашылғалы.
Басында куәгері мен болған соң,
Келіспес ішке бүгіп отырғаным.
Атасаң жиырма жылдық ақпарымыз,
Баршылық мақтан етер жақтарымыз.
Жан-жаққа директор боп кетіп жатыр,
Ортадан тәлім алған достарымыз.
Шәкірттер әр мамандық иелері,
Ендігі коммунизм иегері.
Партия бара жатыр топты бастап,
Лениннің идеясы сүйенері.
Шәкірттің шат күлкісі сыңғырлаған,
Коңырау шылдырындай шылдырлаған.
Қосылып ұстаздардың дауысымен,
Бақыттың қоңырауын тындырмаған.





Пікір жазу