12.11.2022
  146


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Қыс көрінісі

Аспан сұр, жердің беті тегіс аппақ,
Тағы да қар жауып тұр жапалақтап.
Алақай «Аяз ата» жасаймыз деп,
Балалар қуанды қол шапалақтап.
Жиналды бір топ ойын балалары,
Кейбірі сүйретіп жүр шаналарын.


Ақ қарды бірі шашып, бірі қуып,
Кейбірі ұлпа қарға домаланды.
Бір бала ұлпа қарды асап жатыр,
Бір бала «Аяз ата» жасап жатыр.
Ақ ата, ақ сақалды шыға келді,
Бір бала көздің орнын қашап жатыр.
Жаңа жыл ақ қарыңды төге берші,
Қайтадан жыл айналып келе берші.
Береке бақыт болып жоғарылап,
Әр үйге қуаныш боп ене берші.





Пікір жазу