Ақынға арнау
Бүл өлең Ақүштап Бақтыгереевамен
окырмандар кездесуінде окылды)
Хош келдіңіз, ақын қыз, жырақтағы,
Ел қонуда «Ақсайға» тұрақтанып.
Азды-көпті қиындық болып жатыр,
Түңілуден аулақпыз бірақ та біз.
Шындық іздеп шарқ ұрған пендесіңіз,
Жырларыңмен сіңіп жүр,
елге ісіңіз.
Туған елді бетке ұстап келген шақта,
Қарсы алады қуана жерлесіңіз.
Қиындық та, қызық та болып жатыр,
Қалаға кеп қырдағы ел, қонып жатыр.
Хал-жағдайын халықтың сұрасаңыз,
Айтатын сөз, карағым, толып жатыр.
Қонақ келсе, қалатын азаптанып,
Жақсы дәстүр бар еді қазақта бір.
Өлең арнап, қарсы алды Дәмелі апаң,
Сіңлім елден қайтсын деп қанаттанып.
«Алты жасар алыстан бала келсе,
Алпыстағы шал келіп амандасқан».
Ақ жүрегін Ақұштап ала келсе,
Ақ ниетін қабылдар қаламдастан.
Бара алмаймыз арызбен арнайы біз,
Әрлім-берлім қазіргі жағдайымыз.
Мың өліп, мың тірілген халықпыз ғой,
Көп уәдеден күйіп тұр таңдайымыз.
Ара-тұра мен өзім жыр жазамын,
Ел байлығын жат-жұрттан қызғанамын.
Асты тұнған мұнай, газ болғасын да,
Болашағы бар деп жұр бұл қаланың.
Ақын сіңдім, аман жүр жырақтағы,
Бақыт қонғай еліме тұрақтанып.
Ел еркесі атанып, шарықтай бер,
Күмбірлетіп көмейден жыр ақтарып.
Үміт отын тұтатып халайыққа.
Болашаққа сеніммен қарайық та.
Сіз бенен біз таялған жаңа жылды,
Жақсы жырмен қарсылап алайық та.
Азабың мол, бауырым, жырға сіңген,
Қимастықпен қоштасып бұл ғасырмен.
Шалқар шабыт тіледім өзіңізге,
Жаңа ғасыр таялып тұрғасын мен.