12.11.2022
  112


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Дәмелі апайға

Көңіліңде сыр тұнып,
Жыршы жүрек тулайды.
Қызғалдақтай құлпырып,
Жайқалды жыр шумағы.
Жауқазындай жырыңды,
Түйдек-түйдек төгесің.
Жаңалыққа бүгінгі,
Жаршы болып келесің.
Жыр әлемнің көгінде,
Қанатыңды қағасың.
Ұрпақ жайған өмірге,
Жаны жайсаң анасың.
Нәзіктігі ананың,
Жырыңа да жұғыпты.
Жыршы ананың талабын,
Халқы құптап ұғыпты.
Әр шумақта төгіліп,
Жатқандай бір сыр сандық.
Сәтті ойларға шомылып,
Шаттана бер жыр жазып.
інің Асқар.





Пікір жазу